Теңдеулер туралы тарихи мәліметтер.
Біздің заманымызға дейінгі екінші мыңдық жылдар шамасында Вавилондықтар толымсыз квадрат теңдеулерді және толық квадрат теңдеулердің дербес түрлерін шеше білді. Ежелгі гректер квадрат теңдеудің кейбір түрлерін геометриялық салулар арқылы шеше білген. Александрлық Диофонт /III-ғасыр / теңдеулердің шешеуін геометриялық салуларға сүйенбей-ақ көрсете алған. Үнді ғалымы Брахмагупа/VII-ғасыр/ түрінде берілген квадрат теңдеулерді шешу ережесін тұжырымдаған. Хорезм математигі Әл-Хорезми "Китабы әлджебр аль-мукабала” деген трактатында квадрат теңдеудің түрларін шеше білген бірақ онда теңдеудің коэффиценттеріне оң сандар алынып оң түбірлер ізделінген. Үшінші дәрежелі теңдеуді шешу ежелгі грек ғалымдарына да, араб ғалымдарына да белгілі болмаған. IX-XV ғғ. Араб математиктеріне бірінші екінші теңдеулермен теңдеулер жүйесілерінің шешімдерінен басқа куб теңдеулер жүйесінің дербес түрлері қарастырылған . Алайда бұл теңдеуларді шешу тәсілдері түбірлердің жуық мәндері табуға жеткізеді.
|