І-жүргізуші:
Армысыздар, Отандастар!
ІІ- жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты , ұстаздар, оқушылар!
І- жүргізуші:
Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл
қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде,
еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың
тәуелсіздігі.
ІІ-жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!
/Ән ұран орындалады/ (оқушылар )
І- жүргізуші
Көшкін
қардай қопарып тасырлаған қазақпыз,
Ертеңінде ел қорғайтын батыр болар қазақпыз.
Найзағайдай
шашылып күркіреген қазақпыз,
Той тойлатып ан айтып дүркіреген қазақпыз.- дей отыра, патриоттық әндер
фестивалін ашық деп жариялаймыз!
|